Мұнара кранынан кабель ұрлаған күдікті ұсталды

25 Мамыр 2022, 14:00
1384
Бөлісу:
Мұнара кранынан кабель ұрлаған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Сарыарқа» ауданы Полиция бөлімінің полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көп желілі кабельді ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары 50 жастағы қала тұрғыны күзетілетін құрылыс объектісінің аумағына кіріп, мұнара кранынан 100 метр кабельді кесіп тастағанын анықтады. Күдікті өз әрекетімен 550 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Ұрланған кабельді қаскүнем металл қабылдау пунктіне өткізген. 

Анықталғанындай, мұнара краны бояу үшін бөлшектелініп тасталған. Күдікті қоршау арқылы өтіп, мыс кабельді өзімен алып келген ас үй пышағымен кескен. Ол ұрланған кабельді досынан алған автокөлікпен алып кеткен. Келесі күні ер адам құрылыс алаңына қайта кірген, алайда оны күзетші байқап қалған, содан кейін ол жоғалып кеткен.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында ұрлық жасағаны үшін бұрын бірнеше рет сотталған қала тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін мойындады, ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адамның қала аумағындағы осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. 

Елордалық полицейлер түсті және қара металдардың, олардың сынықтары мен қалдықтарының өткізу және заңсыз айналым орындарын үнемі тексеріп отырады. 

Азаматтарға көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу ҚР ҚК 196-бабында  көзделген қылмыстық жауаптылыққа  әкеп соғатынын ескертеміз.

Өзгелердің жаңалығы