Мун Чжэ Ин Қасым-Жомарт Тоқаевты келесі жылы Кореяға шақырды

22 Қазан 2020, 19:21
1621
Бөлісу:
Мун Чжэ Ин Қасым-Жомарт Тоқаевты келесі жылы Кореяға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Инмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайтында.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен оны нығайтудың перспективаларын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мун Чжэ Ин Оңтүстік Корея басшысының 2019 жылы сәуірде елімізге жасаған мемлекеттік сапары аясында бекітілген уағдаластықтардың нәтижесінде қол жеткізілген табысты экономикалық ынтымақтастыққа жоғары баға берді, - делінген хабарламада.

Президент Мун Чжэ Ин Алматы қаласында Hyundai жеңіл автокөліктерін шығаратын зауыттың ашылғанын ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия салдарына қарамастан тауар айналымының жоғары қарқынына көңілі толатынын білдірді.

Екі ел Президенттері халықаралық ұйымдардың, атап айтқанда Дүниежүзілік сауда ұйымы мен МАГАТЭ аясында екі ел ынтымақтастығының нығая түскенін айтты. 

Әңгімелесу барысында коронавирус пандемиясына қарсы күрестегі табысты ынтымақтастық мәселелері де талқыланды.

Президент Мун Чжэ Ин Қасым-Жомарт Тоқаевты Корея Республикасына келесі жылы сапармен келуге шақырғанын нақтылады.



Өзгелердің жаңалығы