Мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлері тегін жөнделеді

13 Ақпан 2019, 21:12
2441
Бөлісу:
Мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлері тегін жөнделеді

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне жөндеу жүргізетін жоба қолға алынды. «Өзіңнен баста!» акциясы шаһардың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған. Жоба авторы - "Пандус-Ок" компаниясының басшысы Шахан Жолдасбаев.

Шаһан Жолдасбаев өз жобасын бүгін мүмкіндігі шектеулі жандар мен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановқа таныстырды. Мүгедек жандардың пәтерлері ағымдық жөндеуден өтеді. 150 ақтөбеліктің баспанасындағы олардың жүруіне ыңғайлы етіп жағдай жасалады. Барлығы  пәтер иелерінің өтінішімен жасалады.  

«Қаламыздың 150 жылдығына орай жаңа жобаны бастадық. 150 нысанды жөндеуден өткіземіз. Қазір елімізде ғимараттарды мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріуіне ыңғайлы етіп жабдықтау жұмыстары жүріп жатыр. Дегенмен, мүгедектер тұратын көптеген ғимараттарда әлі жағдай жоқ. Үлкен қаржыны талап етеді. Үлкен ғимараттарды айтпағанда, тіпті мүгедек жанның пәтерінде де арнайы жағдай жасалмаған. Менің жобамды жергілікті әкімдік қолдады»,-дейді "Пандус-Ок" компаниясының басшысы Шахан Жолдасбаев.

Жаңа жоба әрі кәсіпорын иелерінің қоладуымен жүзеге асырылады. Өтініш білдірген жанның пәтері тексеріліп, есепке алынады. Қажет болса есік-терезелері ауыстырылып, өздігінен үәіне кіріп-шыға алатын құралдармен жабдықталады.

«Өзіңнен баста!» жобасы ақтөбелік Шаһан Жолдасбаевтың екінші жобасы. Алғашқы «Пандус ок» жобасы жақсы жүзеге асып жатыр. Бірнеше ғимаратта заманға сай, мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы пандустар пайда болды. Бұл жобасы да нәтижесін береді, кәсіпкерлер қолдайды деп сенеміз»,-деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Бүгінге дейін 15 азамат өтініш берген. Жоба желтоқсанға дейін ашық.  

Әсел АБАТ

Өзгелердің жаңалығы