Мумбайда Қазақстан-Үндістан қатынастары талқыланды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үндістандағы елшісі Ерлан Әлімбаев елдің ірі сауда-қаржы және іскерлік орталығы – Мумбай қаласына жұмыс іс-сапарымен барды, деп хабарлады СІМ ресми сайты.&nbsp;</h4>

 7 Қараша 2019 2019, 16:14
7 Қараша 2019 2019, 16:14
7586

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үндістандағы елшісі Ерлан Әлімбаев елдің ірі сауда-қаржы және іскерлік орталығы – Мумбай қаласына жұмыс іс-сапарымен барды, деп хабарлады СІМ ресми сайты. 

Қазақстандық дипломат Махараштра штатының губернаторы Ш.Кошиаримен кездесіп, еліміздің Үндістанмен қарым-қатынастарының даму тарихына, сондай-ақ екі жақты  сауда-инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге қатысты кеңінен пікір алмасты.

Сонымен қатар, елші Ерлан Әлімбаев жетекші сауда-өнеркәсіп палатасының, Eximbank, Мумбай теңіз портының, Махиндра компаниялар тобының басшылығымен, бизнес өкілдерімен және әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізді.

Наверх