Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенатта комитет төрағасы болып сайланды

28 Наурыз 2019, 10:52
3158
Бөлісу:
Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенатта комитет төрағасы болып сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағалығына Мұхтар Құл-Мұхаммед сайланды.

Жиын барысынада Сенат спикері Дариға Назарбаева Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағалығына Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кандидатурасын ұсынды.

«Мұхтар Абырарұлы қоғам және мемлекет қайраткері. Ол «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, мемлекеттік хатшы, министр, облыс әкімі болған. Аса жауапты лауазымдарда қызмет атқарған, білімді және тәжірибелі депутат», - деді Дариға Назарбаева. 

Сенаторлардың бірауыздан  қолдау туралы шешімімен Мұхтар Құл-Мұхаммед Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағасы болып сайланды.

Өзгелердің жаңалығы