Мұхтар Тілеуберді мен Дмитрий Кулеба Украинадағы қазіргі жағдайды талқылады

30 Сәуір 2022, 01:29
1836
Бөлісу:
Мұхтар Тілеуберді мен Дмитрий Кулеба Украинадағы қазіргі жағдайды талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, тараптар Украинадағы қазіргі жағдайды және Киев пен Мәскеу арасындағы келіссөз перспективасын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылаған.

Өзгелердің жаңалығы