Мұхтар Тілеуберді ИЫҰ Бас хатшысымен сөйлесті

31 Қаңтар 2022, 18:47
1256
Бөлісу:
Мұхтар Тілеуберді  ИЫҰ Бас хатшысымен сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) Хатшылығының бастамасы бойынша Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ИЫҰ Бас хатшысы Хусейн Ибрагим Тахамен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы СІМ хабарлады. 

М.Тілеуберді сұхбаттасушыны ИЫҰ Бас хатшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, оған ислам ынтымақтастығы мен тілектестіктін нығайту ісінде жемісті жұмыс тіледі.

Бас хатшы қаңтар айындағы оқиғаларға байланысты Қазақстан халқы мен басшылығына бүкіл Ұйым атынан қолдау білдіріп, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстанның ИЫҰ-мен ынтымақтастық мәселелерін, ИЫҰ-ның Ғылым және технологиялар жөніндегі саммиттерінің қорытындыларын, сондай-ақ Исламабадта өтетін ИЫҰ-ның 48-ші Министрлік кездесуіне дайындықты талқылады.

Қазақстанның бастамасымен құрылған және штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы қызметінің маңыздылығы атап өтілді.

 

Өзгелердің жаңалығы