Мұхтар Тілеуберді БҰҰ алаңында жаһандық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Талқылау халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген қазіргі сын-қатерлерге, сенімді нығайтуға және шиеленісті азайтуға, сондай-ақ қақтығыстардың алдын алу және шешу үшін БҰҰ құралдарының тиімділігін арттыруға бағытталған.

 Сыртқы істер министрлігі 24 Қыркүйек 2026, 03:18
24 Қыркүйек 2026, 03:18
80
Фото: Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас Ассамблеясының 81- сессиясы алаңында  "Бейбітшілік уәдесін қайта растау: мүмкіндіктерді пайдалану" атты жоғары деңгейдегі талқылауға қатысты.

Талқылау халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген қазіргі сын-қатерлерге, сенімді нығайтуға және шиеленісті азайтуға, сондай-ақ қақтығыстардың алдын алу және шешу үшін БҰҰ құралдарының тиімділігін арттыруға бағытталған. Алдын алу дипломатиясына, медиацияға және БҰҰ мен басқа да халықаралық субъектілер арасындағы серіктестікті дамытуға ерекше назар аударылды.

Талқылауға Кения Министрлер кабинетінің Премьер-хатшысы Мусалия Мудавади, Аустралия Премьер-министрі Энтони Албанез, Иордания Премьер-министрінің орынбасары және сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрі Айман Сафади, Исландия Премьер-министрі Криструн Фростадоттир және басқа да жоғары деңгейдегі үкімет өкілдері қатысты. Талқылауды Халықаралық дағдарыс тобының президенті және бас директоры Комфорт Ээро жүргізді.

Қатысушылар БҰҰ-ның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы рөлін нығайту және дауларды бейбіт жолмен шешудің қолданыстағы тетіктерін тиімдірек пайдалану мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

Наверх