Мұхтар Тайжан: Автожолдарды коммерциялық мақсатта кім пайдаланады, сол төлеуі керек

4 Маусым 2021, 22:56
7318
Бөлісу:
Мұхтар Тайжан: Автожолдарды коммерциялық мақсатта кім пайдаланады, сол төлеуі керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғам белсендісі, Жер комиссиясының мүшесі Мұхтар Тайжан Facebook-тегі парақшасында республикалық маңызы бар жолдарды ақылы қылу жөнінде пікірімен бөлісті.

 

Қоғам белсендісі соңғы кезде жиі наразылық танытып жүрген жүк тасымалдаушыларының протестін түсінетінін айтты.

Мен жүк тасымалдаушылардың наразылықтарын түсінемін. Жолдар әрқашан ақысыз болды. Содан біраз уақыттан кейін олар ақылы бола бастайды. Бұл кімге ұнайды? Алайда жолдарды күтіп ұстау керек, қарды тазалап, ойылған жерлерін жамап отыру керек. Бұл жылына 46 млрд теңге деген сөз. Бізде жолдар ұзыннан-ұзақ созылып жатыр. Біреулер бұл ақшаны көлік компанияларынан, жүк тасымалдаушылардан емес, бюджеттен алуды ұсынады. Бұл қаншалықты әділ екенін бірге есептеп көрейікші?, - деді ол. 

Тайжанның айтуынша, жылына бір рет басқа қалаға республикалық маңызы бар жолмен баратын мұғалімдер жолды күтіп баптау үшін ақы төлемеуі керек.

Бюджет - бұл салық төлеушілердің ақшасы. Неліктен жылына бір рет, тіпті бірнеше жылда бір рет басқа қалаға автомобильмен баратын дәрігерлер немесе педагогтар күн сайын ауыр жүк тасымалдаушылары коммерциялық мақсатта пайдаланып жүрген қымбат жолдарды ұстау үшін ақы төлеуі керек? Бұл әділетті ме?, - деді Мұхтар Тайжан. 

Ол көп тонналы фуралары бар логистикалық компаниялар жолдарға көп нұқсан келтіретінін айтты.

Жылына 46 млрд теңгеге 20 мектеп салуға болады. Мысалы, олар ешқандай бизнес құрмайды. Көп тонналы фуралары бар логистикалық компаниялар жолдарға көп нұқсан келтіреді. Бұндай компанияларда ондаған, жүздеген жүк көліктері бар. Олар күн сайын біз жүретін жолмен жүреді, салдарынан жолдар жарамсыз күйге түседі. Бұдан бөлек, бұл - олардың бизнесі. Біз, сатып алушылар, жүк тасымалдау үшін оларға ақы төлейміз. Ендеше неліктен олар мемлекеттік инфрақұрылымды - автожолдарды пайдаланғаны үшін төлем жасамауы тиіс? Бұл жолдар халық есебінен салынған жоқ па?!, - деп атап өтті ол. 

Оның сөзінше, егер біз оларды мемлекеттік инфрақұрылымды - автожолдарды пайдаланғаны үшін төлемнен босатуды ұйғарсақ, онда теміржол компанияларын теміржолдарды пайдаланғаны үшін төлемнен босатайық? Біз оларды да толығымен бюджетке іліп қояйық? Мұнай компанияларын мемлекеттік мұнай құбырларын пайдаланғаны үшін төлемнен босатайық, оларды да бюджетке іліп қояйық па? Нонсенс? Осы жағдайда да тура солай дейді ол.

Бизнестің табиғи шығындарын бюджетке ілуге болмайды! Мемлекеттік инфрақұрылымды коммерциялық мақсатта кім пайдаланады, сол төлеуі керек! Қалада тұратын мұғалімдер мен дәрігерлер республикалық қала сыртындағы трассаларда қарды тазалау және тесіктерді жамау үшін төлем жасамауы тиіс. Оларды кім пайдаланады, олардан пайда табады, сол төлеуі керек. Менің ойымша, бұл қоғамдық әділеттілік. Ал бюджет ақшасын бизнесті жасырын субсидиялауға емес, әлеуметтік қажеттіліктерге - бизнес өмірі жоламайтын ауруханалар, мектептер және т. б. салуға бағыттау керек!, - деп түйіндеді ол. 


 

Өзгелердің жаңалығы