Мұхтар Құл-Мұхаммед Солтүстік Македония елшісімен кездесті

20 Маусым 2022, 17:48
1590
Бөлісу:
Мұхтар Құл-Мұхаммед Солтүстік Македония елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Солтүстік Македонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сали Лиманимен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Мұхтар Құл-Мұхаммед өз сөзінде Қазақстан Солтүстік Македонияны Балқан өңіріндегі маңызды саяси әріптес және дос ел ретінде қарастыратынын атап өтті. Біздің елдеріміз жас мемлекеттер болса да дамудың сипаттары ортақ және екіжақты байланыстарды үдетуде ұмтылысын көрсетіп келеді.

Бүгінгі таңда біздің мемлекеттерімізде саяси немесе өзге де қандай да бір келіспеушіліктер жоқ, бұл екіжақты өзара іс-қимылға қарқын беруге қолайлы алғышарттар жасайды. Қазақстан саяси диалогты дамытуға, Солтүстік Македониямен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыруға мүдделі, сондай-ақ Скопьенің Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақта сенімді серіктесі болуға дайын, - деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Сали Лимани өз кезегінде Мұхтар Құл-Мұхаммедке және Парламент Сенатының басшылығына қабылдағаны және елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

Тараптар кездесу барысында Қазақстан мен Солтүстік Македонияның екіжақты қарым-қатынастары мен халықаралық саясаттың ең өзекті мәселелері бойынша ортақ ұстанымдарын талқылады. Негізгі сыртқы саяси басымдықтардың ұқсастығы, әлемде болып жатқан іргелі процестердің белсенді қатысушылары болуға деген ұмтылыс Қазақстан-Македония қатынастарын әріптестіктің сапалы жаңа деңгейіне шығаруға жақсы негіз болатыны атап өтілді.

Өзгелердің жаңалығы