Мұхаммед Әлидің немересі кәсіби бокста екінші рет жеңіске жетті

24 Қазан 2021, 16:45
2148
Бөлісу:
Мұхаммед Әлидің немересі кәсіби бокста екінші рет жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйгілі Мұхаммед Әлидің немересі америкалық боксшы Нико Али Уолш кәсіби рингте екінші кездесуін өткізіп, жеңіске жетті.

Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

Атлантада өткен бокс кешінде аңызға айналған боксшының немересі 36 жастағы америкалық Джеймс Уэстлиді соққыға жықты. Екінші және үшінші раундтарда Уолштың қарсыласы нокдаунға түсіп, одан соң оның бұрышы кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Сол арқылы Нико Али Уолш кәсіби бокстағы екінші мерзімінен бұрын жеңісіне қол жеткізді.

Айта кететін жайт, оның қарсыласы үшін бұл жеңіліс оның спорттық мәнсабында алғаш рет орын алып отыр.

Өзгелердің жаңалығы