Мұхамбетов: Қостанайдағы су тапшылығы Кеңес кезінен өзекті

3 Желтоқсан 2021, 18:34
1248
Бөлісу:
Мұхамбетов: Қостанайдағы су тапшылығы Кеңес кезінен өзекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қостанай облысының  әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.

Шынымен де бұл мәселе бар. Біріншіден, Кеңес одағының кезінен Қостанай облысында су тапшылығы өзекті. Кеңес кезінде біз ауылды сумен қамту үшін магистралды су құбырлары арқылы Солтүстік Қазақстан облысынан және кейбірін Ресей Федерациясының Қорған облысынан алып отырғанбыз. 24 топтық магистралды су құбырлары болған. Соның қазір қалғаны 10 шақты, ал 14 құбыр істен шықты. 520 ауылды мекеннің 276 ауылы сусыз қалды. Сол себепті біздің көрсеткіш төмендеп кетті, - деді әкім.

Оның айтуынша, бұл су мәселесін шешу үшін бірқатар іс-шара қабылданған.

Су мәселесі бойынша Мемлекет басшысының да тікелей тапсырмасы бар. 64 пайыз - ол былтырғы көрсеткіш, қазір сумен қамтылуды 72 пайыздан асырдық. Жыл соңына дейін 75 пайызға жеткіземіз. Сонымен қатар біз үш бағытта жұмыс істеудеміз. 500-ден аса адамы бар ауылдарды орталықтандырылған сумен қамтып отырмыз. 200-500 тұрғыны бар ауылды мекендер үшін суды тазарту және тарату пункттерін орнатып жатырмыз. Биыл мұндай пункті 11 ауылға орнаттық, - дейді Архимед Бегежанұлы.

Өзгелердің жаңалығы