Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.
Мұхамбетовтің айтуынша, осы жылдың қаңтар айынан бастап 20,8% өсіммен 363,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Машина жасау үлесі өңірдегі өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің 41,5%-ын алып отыр.
Облыстың экономикалық өсімінің драйвері болып табылатын машина жасау саласына жеке тоқталған жөн. Көп жағдайда автомобиль жасаудың арқасында өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 46,9%-ға жетті, ал өңдеудегі машина жасау үлесі 41,5%-ды құрап отыр. Есепті кезеңде мұнда мынадай өнімдер өндірілді: 363,7 млрд теңге өсіммен 17,7%, - деді облыс басшысы.
Сондай-ақ әкімнің мәлімдеуінше, жыл басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындары 1 870,2 млрд теңгенің өнімін өндірген.
Индустрияландыру жылдарында инвестициялық жобаларды жүзеге асырған кәсіпорындар айтарлықтай өсімді қамтамасыз етті. Мәселен, машина жасау 17,7%-ға, металлургия 20,2%-ға, металл емес өнім 35,6%-ға және тамақ өнімдері 1,3%-ға, өндірісінің ұлғаюы есебінен өңдеуші өнеркәсіп 13,5%-ға өсімді көрсетуде, - деді Архимед Мұхамбетов.