Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мүгедектігі бар жандар үшін жеңілдетілген ұялы байланыс тарифтері енгізіледі

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
28 Ақпан 2024, 12:37
7260
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымды қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң аясында байланыс саласындағы уәкілетті орган байланыс операторларының мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдетілген тарифтер ұсыну жөніндегі міндеттерін белгілейді.

Норманы әзірлеу кезінде мемлекеттің әлеуметтік тарифтерге және мүгедектігі бар адамдардың ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығына ықпал етуінің халықаралық тәжірибесі ескерілді.

Өзгелердің жаңалығы