Мүгедектігі бар адамдарға ұлттық стандарт қабылданды

20 Қараша 2023, 12:06
810
Бөлісу:
Мүгедектігі бар адамдарға ұлттық стандарт қабылданды
Фото: ОКҚ

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «банк бөлімшелерінің қолжетімділік картасы» ашылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру басқармасының бас маманы Мұхамед Бағдатұлы мәлімдеді.

Мүгедектігі бар адамдарға қолайлы мәселелер талқылап, жүзеге асыруға күш салып жатырмыз. Өз тарапымыздан www.fingramota.kz интернет-порталының басты бетінде «Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін банк бөлімшелерінің қолжетімділік картасын» орналастырды. Онда еліміздің 28 қаласындағы екінші деңгейдегі банктердің 350 бөлімшесі берілген. Бұнда екінші деңгейлі банкте қандай қызмет түрлері барын білуге болады. Осы ретте, Вениамин Алаевтың орасан зор еңбегін ерекше атап өтемін. Ол қаржылық инклюзияны құру бойынша бастамашылардың бірі болды, – дейді Мұхамед Бағдатұлы.

Спикер мүгедектігі бар адамдар үшін қаржылық қолжетімділік жөніндегі ұлттық стандарт қабылданғанын атап өтті. 

 2023 жылғы7 маусымдағы Заңды іске асыру шеңберінде Агенттіктің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті «Мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызметтер көрсету жөніндегі қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігіне қойылатын талаптар» ұлттық стандартын бекітті, – дейді Мұхамед Бағдатұлы.

Өзгелердің жаңалығы