Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма? – Министрлік жауап берді

Бөлісу:
Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма? – Министрлік жауап берді
Фото: Артём Чурсинов - Архив

Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі ұстанымын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мереке қарсаңында әріптестерден «Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма?» деген сұрақтар түсе бастады. Осы орайда аталған сұраққа қатысты ұстанымды білдіргім келеді. Ұстаздар күні расында ерекше күн. Бұл мереке педагогтердің өміріміздегі маңызды рөлін тағы бір еске салады. Сондай-ақ бұл бізді тәрбиелеу мен оқытуға бар күш-жігерін жұмсаған ұстаздарға алғыс білдірудің мүмкіндігі, - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызы.

Ресми өкіл гүл сыйлау, жақсы лебіз білдіру - мұғалімдерге білдіретін алғыстың белгісі екенін атап өтті.

Мұндай ықылас ұстаз еңбегінің маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, ұрпақтар арасындағы сыйластық қарым-қатынасты нығайта түседі. Айта кету керек, ұстазға құрмет көрсету ұрпақтар арасында сақталып келе жатқан дәстүр, - деп айтты Мереке Амангелдіқызы.

Еске сала кетейік, елімізде 5 қазан күні Мұғалімдер күні аталып өтіледі.

Өзгелердің жаңалығы