Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мұғалімдердің жүктемесі азайып, жалақысына көңілі тола бастады

Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова 2025 жылдың қорытындысы бойынша педагогтерге қатысты негізгі көрсеткіштердің оң өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы жылдары мұғалімдердің апталық жұмыс жүктемесі айтарлықтай төмендеген. Атап айтқанда, 2018 жылы педагогтердің орташа жүктемесі 50 сағатты құраса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 34 сағатқа дейін қысқарған.

Сондай-ақ магистр дәрежесі бар педагогтердің үлесі артып келеді. Мұғалімдердің жалақысына қанағаттану деңгейі де екі есеге жуық өскен. Қоғамда мұғалім мамандығының қадір-қасиеті артқанын атап өткен педагогтердің үлесі 63 пайыздан 82 пайызға дейін көбейген, - деп айтты Мелдебекова журналистермен кездесуде.

Вице-министрдің сөзінше, педагогтерге саяси деңгейде көрсетілетін қолдау мен мойындау да күшейген. Бұл көрсеткіш 38 пайыздан 58 пайызға дейін өскен. Ал мұғалімдердің кәсібіне және еңбек жағдайына жалпы қанағаттану деңгейі 91 пайыздан 95 пайызға жеткен.

Нәтижесінде Қазақстан мұғалімдердің жалақысына қанағаттану деңгейі жоғары елдердің қатарына енді. Вице-министрдің мәліметінше, 50 елдің ішінде бұл көрсеткіш тек бес мемлекетте ғана 20 пайызға өскен.

Өзгелердің жаңалығы