Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің алқа отырысында министр Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі күні «Педагог мәртебесі туралы» заңның оң әсерін көріп отырмыз. 2020 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ға, 2023 жылғы қаңтарда тағы 25%-ға өсті, - деді министр.
Яғни сөзінше, мұғалімдердің жалақысы 2 есеге өсті.
Сондай-ақ еңбекақыны саралап арттыру мүмкіндігі қарастырылған. Ол әдіскерлерге, мектепке дейінгі, мектеп, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне біліктілік деңгейі үшін, сондай-ақ тәлімгерлік, магистр дәрежесі және т.б. үшін қосымша ақы төленеді.
Мұғалімдердің 63%-ы, дәлірек айтқанда, 216 989-ы аттестация қорытындысы бойынша қосымша ақы алады.
Бұған дейін де мұғалімдердің жалақысы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап өскенін хабарлаған болатынбыз.
Оқи отырыңыз: