Мұғалімдер жұмысқа жаңа тәртіппен қабылданады

5 Шілде 2022, 20:53
1012
Бөлісу:
Мұғалімдер жұмысқа жаңа тәртіппен қабылданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа оқу жылына мұғалімдерді қабылдау жаңа тәртіппен жүргізіледі.

Бұл туралы ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.

Жаңа оқу жылына мұғалімдерді қабылдау былтыр 19 қарашада білім және еңбек министрліктері қабылдаған бұйрық бойынша жүзеге асады. Педагогтарды жұмысқа қабылдаудың негізгі мақсаты — оны жұмысқа қабылдау кезінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, оқу жүктемесін бөлу барысында заңсыздықтарды болдырмау және педагогикалық бекітілген жүктемемен қамтамасыз ету, — деді ол министрліктің аппарат жиналысында.

Жаңа тәртіп бойынша бос жұмыс орны шыққан кезде мектеп директоры бес күннің ішінде еңбек жағдайлары мен жалақысын көрсете отырып халықты жұмыспен қамту орнына хабарлауы керек. Бос жұмыс орнына лайық маман осы жүйе бойынша жұмысқа қабылданады.

Өзгелердің жаңалығы