Мүфтият ЛГБТ өкілдеріне қатысты үкім шығарды

Бүгiн, 10:11
418
Бөлісу:
Мүфтият ЛГБТ өкілдеріне қатысты үкім шығарды
Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылман діни басқармасы ЛГБТ қатысты үндеу жасап, ресми пәтуа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлемде демократиялық моральдық принципін жамылған идеяологиялар белең алуда. Біз ешқашан өзгенің таным-түсінігімен өмір сүре алмаймыз. Сондықтан батыс елдерінен келген ЛГБТ және оған қатысты барлық жат түсініктер біздің асыл дінімізге де, ата салтымызға да қайшы деп білеміз, – делінген ҚМДБ жазбасында.

Абдулла ибн Аббас (Алла оған разы болсын):

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әйелге ұқсағысы келген еркектерге және еркектерге ұқсағысы келген әйелдерге лағынет айтты деген.

Ендеше мұндай арсыздықтың алдын алуға және одан сақтануға шақырамыз, – дейді басқарма.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Рамазан айында берілетін пітір садақаны уақытында бере алмағандар не істеу керектігі туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы