Мойнында несиесі бар азаматтардың ағзаларын сатуы жиілеген - ІІМ

7 Қараша 2022, 11:44
1472
Бөлісу:
Мойнында несиесі бар азаматтардың ағзаларын сатуы жиілеген - ІІМ

Бұл туралы ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Өкінішке қарай, қылмыстың бұл түрі біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Бұған осы криминалдық бизнестен мол пайда табуға болатыны себеп болып отыр. Күнделікті қызметте адам саудасына: жыныстық пайдалану және еңбекті қанау; асырап алуға беру үшін жаңа туған балаларды сату; адам ағзаларын сату; қайыр сұрауға мәжбүрлеу сияқты қылмыс түрлері кездеседі, - деп атап өтті департамент басшысы. 

Айтуынша, адам саудасының құрбандарының басым көпшілігі – халықтың әлеуметтік осал топтары.

Көп жағдайда адамдардың мұндай қылмыстың құрбанына айналуына ақпараттың болмауы, құқықтық сауатсыздық, «тірі» жұмыс күшінің қолжетімділігі, интернеттің ықпалы, жеңіл ақша мен «әдемі өмірді» іздеу, сондай-ақ шетелдіктердің заңсыз мәртебесі себеп болады. Балаларды сату қылмыстарының негізгі нысанына жаңа туған балалар, адам ағзасын сату кезінде несие міндеттемелері (кредит) бар тұлғалар айналады. Бұған бір жағынан заңнаманың жетілдірілмеуі, репродуктивті денсаулықтың нашарлығы да ықпал етеді. Бұл қылмыстар үшін Қылмыстық кодекстің сегіз бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған, - деді Қанат Нұрмағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы