Алматыда монша кешені өртенді

9 Желтоқсан 2019, 09:46
6271
Бөлісу:
Алматыда монша кешені өртенді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда сағат 00.55 шамасында Нұр Алатау шағын ауданындағы "Литтл Таун" монша кешенінен өрт шықты.

Бұл туралы СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасында хабарланды. 

f3e1069e7d2a431f75c3592e2c4b1557.jpeg

Алматы ТЖД баспасөз қызметінің нақтыланған ақпараты бойынша, "Литтл Таун" монша кешеніндегі өрт туралы хабарлама 00.55-те келіп түскен. 

ТЖД күштері "Нұр Алатау" шағын ауданына жоғары деңгейлі шақырту дәрежесі бойынша шықты. Өрт сөндіру жасақтары қалың тұман болса да жоғары көтерілді. Бірінші бөлімшелер келіп жеткенде, жалын ағаш кебінен жасалған "Литтл таун" екі қабатты ғимаратты шарпып, оның екінші қабаты құлаған. Монша кешенінің аумағындағы екі құрылысқа өрттің өту қаупі туындады. Өртті сөндіруге екі жауынгерлік учаске тартылды, өрт сөндіру оқпандары берілді. Сондай-ақ, құтқарушылар жақын маңдағы екі ғимаратты тілсіз жаудан оқшаулауға кірісті, екі магистральді желі салынды. Өрт сөндіру жұмыстары сумен жабдықтау көздерінің жоқтығынан қиындады. Диспетчерлер 1 200 метр қашықтықта өрт гидранттарының қашықтығын анықтап берді, осыған байланысты құтқару қызметі мен "Алматы Су" су тасымалдайтын екі көлігі жұмылдырылды, - деп хабарлады ТЖД өкілдері. 
c5629212231244cd4383c5ef5dba73ab.jpeg

Жедел қабылданған шаралардың арқасында монша кешенінің екі ғимараты өрттен аман қалды. Өрт сөндірушілер тілсіз жаудың жеке секторлардағы тұрғын үйлерге таралуының алдын алды. Өрт 39 минутта оқшауланып, 02.45-те ауыздықталды. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шарпыған алаңы 200 шаршы метрге жеткен. 

Қалалық ТЖД мен ПД-ның жеке құрамынан 60 адам, 15 дана техника жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы