Моңғолияда виза алуды күтіп жүрген шетелдік студенттер қашықтан оқи алады – БҒМ

8 Қыркүйек 2021, 11:44
10566
Бөлісу:
Моңғолияда виза алуды күтіп жүрген шетелдік студенттер қашықтан оқи алады – БҒМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Редакциямыз Білім және ғылым министрлігіне Моңғолия мемлекетінен келіп оқитын студенттерге қатысты ресми сауал жолдаған еді.

Біріншіден, Қазақстан Республикасы соңғы бір айда «қызыл аймақтан» әлі шыққан жоқ. Екіншіден, мысалы Моңғолия қазіргі таңда коронавирустың ең қауіпті түрі – «дельта» штамы өршіп тұрған ел. 26 тамыз күнгі Моңғолия денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметке сәйкес, Баян-Өлгий аймағының өзінде бір күнде 161 жағдай тіркелген. Қазір ондағы сырқаттар саны 6697 адамға жетіп отыр, - делінген Білім министрлігіне жолданған ресми сауалда.

Сондай-ақ Қазақстан мен Моңғолия арасындағы шекара байланысының ашылмауы салдарынан ондағы студенттер ұшақ арқылы ғана ұшып келе алатыны айтылды.

Рейстің бір жақ жол шығынының өзі 150-300 мың теңге (1200000-2000000 төгрөг) шамасында. Қазіргі таңда қарашаға дейін билет табылмай жатыр. Осы мәселелерге байланысты ҚР БҒМ тарапынан шет елдегі студенттерге тым болмаса 2021-2022 оқу жылының бірінші семестрін онлайн режимде оқуға мүмкіндік беру жағын қарастырсаңыздар, - деп министрлікке жолдаған едік.
Сауалымызға Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев жауап берді.

Ол Білім және ғылым министрлігі Моңғолия мемлекетінен келіп оқитын студенттерге қатысты хатты қарап, келесіні хабарлады.

2021 оқу жылының І жартысында еліміздің жоғары оқу орындарында Моңғолиядан 1149 шетел студенті білім алды. ҚР Үкіметінің шешіміне сәйкес биылғы 2021-2022 оқу жылы дәстүрлі форматта басталады. Алайда өзге елдерде виза алуды күтіп жүрген шетелдік студенттер үшін қашықтан оқыту форматы рұқсат етіледі, - деді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы