Моңғолияда 6,5 баллдық жер сілкінісі болды

12 Қаңтар 2021, 14:45
1899
Бөлісу:
Моңғолияда 6,5 баллдық жер сілкінісі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлан-Батыр уақыты бойынша сағат 05:32-де Хөвсгөл аймағының Ханх ауданында 6,5 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Моңғолияның астрономия және геофизика институты төтенше жағдайлар туралы бас басқармасы хабарлаған.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметтері бойынша, 12 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 05:33-те Моңғолия мен Ресей шекарасында 6,5 баллдық жер сілкінісі тіркелді.

Montsame.mn хабарлағандай, жер асты дүмпулерін Ұлан-Батыр, Дархан-Уул, Сэлэнгэ, Булган, сондай-ақ Иркутск пен Хөвсгөл аймағының тұрғындары сезген. 

Сонымен қатар, Иркутск облысы бойынша Ресей ТЖМ ММ баспасөз қызметі Иркутскіде 4-5 баллдық дүмпулер болғанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы