Моңғолияда қатты аяздың кесірінен бір жарым миллион бас мал қырылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Былтыр да осындай жағдай болған. Мал шаруашылығы – ел экономикасының маңызды секторының бірі. Сондықтан төрт түлік өсірумен күн көріп отырған тұрғындардың жағдайы қиын. Аяздан бөлек елде қалың қар жауды. Кей жерде қалыңдығы бір метрден асады.
Қиналып жатқан малшыларға жәрдемдесу үшін кейбір университет студенттері бір айға оқудан босатылды.
Оқи отырыңыз: