Моңғолия «Sputnik V» вакцинасын өндіруге ниетті

20 Наурыз 2021, 12:10
4014
Бөлісу:
Моңғолия «Sputnik V» вакцинасын өндіруге ниетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия президенті  Баттулга Халтмаагийн Моңғолиядағы Ресей Федерациясының елшісі Искандер Азизовты қабылдап, елде коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина өндіруге ниетті екенін білдірді, деп жазды  centralasia.media.

Биыл екі тарап арасындағы дипломатиялық байланысқа 100 жыл толып отыр.  Кездесуде ынтымақтастықты нығайуты мен дамыту жөніндегі мәселелер айтылды.

Моңғолия Президенті  елдің коронавируске қарсы вакцинаны өндіруге қауқары бар екенін атап өтіп, елшіден ресейлік «Sputnik V» вакцинасын Моңғолияда өндіру  мүмкіндігін қарастыру  жәнге Кремльмен келіссөз орнату жөніндегі өтінішін білдірді.  Өз кезегінде елші ұсынысты Ресей Федерациясы билігіне жеткізетінін айтты.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше,Моңғолияда 20 наурыздағы жағдай бойынша науқастар саны 4806 адамды құрайды. Олардың 1359-ы ем қабылдауда. Үш науқастың жағдайы аса ауыр

Өзгелердің жаңалығы