Ұлан-Батыр-Алматы рейсі тұрақты жүруі мүмкін

<h4>Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Hunnu Air авиакомпаниясының директоры Мунхжаргал Пурэвжалмен кездесуде тікелей рейсті ашу перспективаларын талқылады.</h4>

 12 Қазан 2021 2021, 18:55
12 Қазан 2021 2021, 18:55
10665

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Hunnu Air авиакомпаниясының директоры Мунхжаргал Пурэвжалмен кездесуде тікелей рейсті ашу перспективаларын талқылады.

Ұлан-Батырдан Алматыға тікелей рейс Моңғолиядан келген студенттер мен бизнесмендерге қажет. Сондай-ақ біздің әуежай Моңғолиядан Үндістанға және басқа елдерге ұшу үшін транзит ретінде тартымды.

Кездесу қорытындысы бойынша Б. Сағынтаев моңғолдық әуе компаниясының мүддесі мен дайындығын қолдауға ниет білдірді.
 

Наверх