Молдова ТМД-дан шығатынын ресми түрде жариялады

Молдова ТМД-дан шығатынын ресми түрде жариялады.

 epositphotos.com Бүгiн 2026, 04:45
Бүгiн 2026, 04:45
106
Фото: epositphotos.com

Молдова Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан (ТМД) шығатынын ресми түрде жариялап, бір жылдан кейін ұйым құрамынан толықтай шығады. Бұл туралы елдің вице-премьері, Сыртқы істер министрі Михай Попшой мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Sputnik-Молдоваға сілтеме жасап.

Попшойдың айтуынша, бұл 2027 жылдың 8 сәуірінде жүзеге асады. Дәл осы күні Минск қаласындағы ұйым хатшылығына жіберілген хабарламаға 12 ай толады.

Біз бұл хабарламаның қабылданғаны туралы растау алдық. Осылайша, заң тұрғысынан алғанда, 12 ай өткен соң, яғни келесі жылдың 8 сәуірінде халықаралық құқық нормаларына сәйкес біз енді ТМД құрамында болмаймыз, – деді Молдова СІМ басшысы.

Ол сондай-ақ соңғы жылдары республика ТМД аясындағы саяси, қоғамдық және мәдени іс-шараларға қатыспағанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл шаралар Молдова мүддесіне сай келмейді.

Сонымен қатар вице-премьер Молдова ТМД шеңберінде жасалған бірқатар экономикалық келісімдерге қатысушы болып қала беретінін айтты. Мысал ретінде ол Грузияның тәжірибесін келтірді.

Бұл тұрғыда Грузияның тәжірибесі көрсеткіш бола алады. Олар да негізгі келісімдерді денонсациялады, біз секілді, бірақ экономикалық келісімдердің қатысушысы болып қалды. Біз де дәл солай істейміз, – деді министр.

Ал РИА Новости дереккөзі бұл мәлімдеме Кишиневтің өз бағасы екенін атап өтті.

Шын мәнінде, ол барлық шарттарды Достастықтың атқарушы комитетімен талқылайды. Соның ішінде жиналған қарыз көлемі мен шығудан кейін қай келісімдерде қалатыны да қаралады, – деді агенттік сұхбатшысы.

Соңғы төрт жылда Молдова ТМД және бақылаушы мәртебесіне ие Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) отырыстарына қатыспаған. Ал 2025 жылдың соңына қарай Кишинев Достастық аясында қабылданған 255 құжаттың 67-сін бұзған.

Қазіргі билік экспортты батыс нарықтарына бағыттауды көздеп отыр. Осыған байланысты президент Майя Сандудың айтуынша, республика өз заңнамасын еуропалық стандарттарға сәйкестендіріп жатыр.

Наверх