Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Молдова президенті Игорь Додон Ресейдегі әскери парадқа барғаннан кейін Холеркандағы өз резиденциясында өзін-өзі оқшаулады, деп хабарлады korrespondent.net.
Әскери парадқа қатысқан көптеген әскери қызметшілерден коронавируст анықталды. Мен біраз уақыт, қажет болса 48, 72 сағат оқшауланам деп шештім. Әзірге көпшілік іс-шараларға қатыспаймын. Бірақ келесі аптада кездесуге Окницаға барамын, - деді Додон.
Президенттің айтуынша, ол Мәскеуге барар алдында коронавирусқа сынаманы екі рет тапсырған. Сондай-ақ, шеруге қатысқан Молдованың барлық 75 жауынгері сау, індет жұқтырмаған.
Біздің әскери қызметшілер де Мәскеуде болды, олардың бірде-біреуінен коронавирус анықталмады. Кей елдерде ол табылды, қандай ел екенін нақтыламаймын. Мысалы, кейбір жағдайларда 70-80 сарбаздың 40-50-інен коронавирус анықталды, - деп мәлімдеді Молдова президенті.Додон сондай-ақ пандемия кезеңінде президент айналасында коронавирустың бір жағдайы және мемлекеттік күзет қызметінде 5-6-ы ғана анықталғанын айтты.