Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Молдова негізгі келісімдерді жойып, ТМД-дан шығады

Бүгiн, 03:40
132
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Молдова Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан (ТМД) шығуға мүмкіндік беретін негізгі келісімдердің күшін жою рәсімін бастады. Бұл туралы елдің вице-премьері және Сыртқы істер министрі Михай Попшой «Молдова радиосы» эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Молдова ТМД Жарғысының, ұйымды құру туралы келісімнің және тиісті қосымшаның күшін жою рәсімін жүргізіп жатыр.

Ресми түрде құжаттар жойылғаннан кейін ел заңды түрде ТМД мүшелігін тоқтатады, алайда іс жүзінде Кишинев ұйымға қатысуды бұрын тоқтатқан.

Құжаттар Парламентке соңғы бекіту үшін жіберіледі.

Өзгелердің жаңалығы