Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Молдавия халқы бүгін мемлекет басшыларын сайламақ. Сайлауға сегіз үміткер түсіп жатыр.
Алайда негізгі тартыс елдің қазіргі Президенті Игорь Додон мен бұрынғы Премьер-министр, Еуропалық әрекет және ынтымақтастық партиясының жетекшісі Майя Санду арасында болады деп күтілуде.
Сайлаушылар қатарына биыл алғаш рет мойындалмаған Приднестровье тұрғындары кіріп отыр. Осылайша, елдегі электораттың саны 3,3 миллионды болды.
Молдова Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, шетелде тұратын 60 мыңнан астам Молдова азаматы сайлауға қатысуға тіркелген. Осыған байланысты коронавирустың әсерінен ішінара немесе толық «локдаун» енгізілген елдерде сайлаушылар сайлау учаскелеріне келуде қиындықтарға тап болуы мүмкін.