Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысының есімі белгілі болды

Моджтаба Хаменеи – жуырда қайтыс болған Иранның рухани жетекшісі Али Хаменеидің ұлы.

 REUTERS / Office of the Iranian Supreme Leader 9 Наурыз 2026, 05:12
9 Наурыз 2026, 05:12
336
Фото: REUTERS / Office of the Iranian Supreme Leader

Моджтаба Хаменеи Иран Ислам Республикасының жаңа жоғарғы көшбасшысы болып сайланды. Бұл туралы Иранның Сарапшылар кеңесі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Кеңестің хабарлауынша, ол төтенше отырыста бірауыздан дауыс беру арқылы елдің үшінші жоғарғы көшбасшысы болып таңдалған.

Моджтаба Хаменеи – жуырда қайтыс болған Иранның рухани жетекшісі Али Хаменеидің ұлы. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары оны осы қызметке ең ықтимал үміткерлердің бірі ретінде атап келген.

Кейбір сарапшылар оның кандидатурасы революциялық принциптерге негізделген саяси жүйеде биліктің әулеттік жолмен берілуі мүмкін деген пікірталас туғызғанын айтады.

Бұған дейін Иранның жоғарғы көшбасшысын таңдайтын орган мүшелері кандидат бойынша шешім қабылданғанын, алайда оның аты әзірге жарияланбағанын жазғанбыз.

Наверх