Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Мочалка қаншадан?" Бетперде киген жігіт "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы өтетін стадионға ерекше образбен келді

30 Қыркүйек 2025, 18:32
1138
Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

"Қайрат" - "Реал Мадрид" матчына санаулы сағаттар қалды. Ал жанкүйерлер болса Алматыдағы стадионға қазірден бастап жиналуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жанкүйерлер "Қайрат" деп ұрандап, флешмобтар ұйымдастырып, команданы жан-жақты қолдап жатыр.

Көшіліктің арасында "Қайрат" формасының стиліндегі маска киіп, қолында қара-сары жолақты бір дорба "мочалка" ұстаған фанат та көрінді.

Желіде тараған видеоға оқырмандар түрлі пікір білдіруде.

"Креативчик келді", "Четко-четко джиги ұрыңдар", "Неге мочалка, шарф деген толып тұр ғой", "Мочалка зат екен, матч біткен соң жуасыңдар, жуынасыңдар" - деп әзілдеп пікір білдіргендер бар.

"Бұл не мазақ, бүкіл жеткен ақылдарың осы болды ма?"," Ұят-ай", "Қайдағы креатив, мочалкамен мазақтауға келгендей болып тұрсыңдар ғой", - деп қынжылып пікір білдіргендер кейбірі.

Айта кетейік, командалар УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында кездеседі. Матч бүгін, яғни 30 қыркүйек күні Алматыдағы Орталық стадионда жергілікті уақытпен 21:45-те басталады. "Реал" дүйсенбіге қараған түні Қазақстанға ұшып келді. Мадридтен сапар шамамен 11 сағатқа созылды. Әлемге атақты футболшыларды Алматы әуежайында қазақы қонақжайлықпен қарсы алды.

Өзгелердің жаңалығы