Мемлекеттік кірістер комитетінің Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы садақа мен қайырымдылыққа жиналған ақшаның қалай тексерілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мобильді аударымдар арқылы садақа, қайырымдылық және ем-шараларына қаражат жинап жатады. Бұл - кәсіпкерлік мақсатта жиналып жатқан қаражат емес. Демек ол салықтандыруға жатпайды, тек кәсіпкерлік мақсаттағы аударымдар жатады. Емге жинап жатса, оны құжаттар арқылы растай алуы керек. Оларға хабарлама жолданса, ол тұлғалар құжат бойынша әрекеттерін растауы керек. Олардан жеке табыс салығы алынбайды. Хабарлама салық төлеушінің кабинетіне барады. Ол жерде түсінік беру деген батырма бар. Сол жерге құжаттарын жолдайды, - дейді Ерсайын Көптілеуұлы Қаржы министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, бұған дейін Қаржы министрлігінің өкілі мобильді аударымдарға қатысты жаңа өзгерісті түсіндірді.