Моңғолияның Сыртқы істер министрі Қазақстан елшісімен кездесті

27 Шілде 2020, 23:55
1089
Бөлісу:
Моңғолияның Сыртқы істер министрі Қазақстан елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Монғолиядағы елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолияның Сыртқы істер министрі Нямцэрэнгийн Энхтайванмен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің атынан Н.Энхтайванға Монғолияның Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалуына орай құттықтауын табыс етті.

Өз кезегінде, Моңғолияның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министріне көрсеткен ілтипаты үшін алғыс білдіріп, өзінің ізгі тілектерін жеткізді.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті аспектілерін және оларды дамыту перспективаларын талқылады.

Елші екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзара тиімді әрі әлеуеттік негізгі бағыттарын атап өтті: ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, білім беру процестерін ұйымдастыру, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық.

Өзгелердің жаңалығы