Митинг кезінде жүздеген полиция жарақат алды - министр

18 Маусым 2019, 10:45
2885
Бөлісу:
Митинг кезінде жүздеген полиция жарақат алды - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ  тілшісі. 9, 10, 11 маусым күндері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткен заңсыз митингтен 300-ден астам полиция қызметкері жарақат алған.  Бұл туралы бүгін үкімет отырысынан кейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

"Митинг кезінде 300-ден астам полиция қызметкерлері жарақат алды. Оның ішінде алтауы ауруxанада жатыр. Мұның бәрі үш күнде орын алған жағдайлар – 9, 10, 11 маусымда. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қандай да бір арнайы құралдарды қолданған жоқ.Фототүсірілім және видеоларды қарасаңыз полицейлерге қалай шабуыл жасалғанын көрер едіңіздер. Сүйектері сынған, бас-сүйек жарақаттарын алғандар бар. Өйткені, дене жарақаттарының барлығы тас лақтырғаннан және таяқ пен арматурамен ұрғаннан пайда болған. Кейбір азаматтар жағдайды ушықтыру үшін осындай қадамдарға барған", - дейді Ерлан Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, егер полиция тарапынан қарапайым адамдар жарақат алып немесе жапа шексе прокуратураға арыз жазу керек.

Өзгелердің жаңалығы