Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. УЕФА-ның бұрынғы президенті Мишель Платини футболдан 2022 жылы әлем чемпионаты өтетін елді таңдауда пара алды деген күдікке ілінген. Бұл туралы Mediapart басылымы хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, Францияның Нантерре қаласының соттық полициясы бүгін таңертең Платиниді жемқорлыққа қарсы басқармаға жеткізген. Оны футболдан 2022 жылы әлем чемпионатын Катарда өткізу мәртебесін беру кезінде пара алды деген айып тағылған. Сонымен қатар, осы іс бойынша Клод Геан да айыпталуда. Ол Николя Саркози президент болып тұрғанда Елисейск сарайының бас хатшысы қызметін атқарған. Алайда ол бостандықта жүр.
2010 жылғы ФИФА атқарушы комитеті жиналысының қорытындысы бойынша 2022 жылғы ӘЧ өткізу мәртебесі Катарға бұйырған. Кейін футбол шенеуніктері өтінім беруде дауыстарды сатып алды деп айыптаған болатын. ФИФА тәуелсіз комиссияға бұл іс бойынша тергеу жүргізуді тапсырған, алайда сатып алу айғағы анықталмады.
Мишель Платиниді 2007 жылы УЕФА басшысы етіп сайлаған. 2015 жылы ФИФА-ның әдеп жөніндегі арбитражды палатасы оны бұл лауазымнан шектеткен. 2015 жылдың желтоқсанында Платиниді бұл істен 8 жылға шектеткен, алайда 2016 жылдың мамырында бұл мерзімді 4 жылға дейін қысқартты.