Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің күйеу баласы Отабек Умаров жаңадан құрылған Орталық Азия ММА (аралас жекпе-жек) конфедерациясының жетекшісі болып сайланды.
Жаңа ұйым құру және оның басшылығына Отабек Умаровты тағайындау туралы шешім Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының (International Mixed Martial Arts Federation – IMMAF) 6-8 ақпанда Қазақстанда өткен кеңесінде қабылданды.
Орталық Азия ММА конфедерациясы құрамына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан елдерінің ММА ұлттық федерациялары кіреді. Ұйымның бас кеңсесі Ташкентте орналасады.
Отабек Умаров былтыр қарашада жаңадан құрылған Өзбекстан ММА федерациясы президенті болып сайланған, оның алдында Өзбекстан триатлон федерациясын басқарды. Бұған қоса Умаров президент қайын атасы Шавкат Мирзиёевтің қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары қызметін атқарады.