Министрлік жалған телеграм-каналға қатысты түсінік берді

21 Қараша 2020, 19:52
1971
Бөлісу:
Министрлік жалған телеграм-каналға қатысты түсінік берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек министрлігі Қазақстан азаматтарының жеке деректерін жинау үшін Telegram-ботты іске қоспады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

 Белгісіз адамдар азаматтарға мүмкін әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу үшін өз ЖСН-і мен мобильді телефон нөмірін жіберуді ұсынатын i42500enbekkz_Bot telegram-боты фейк. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы сынды telegram-боттарды іске қосқан жоқ. Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтардан жеке дерегін сұратпайды. Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және тек ресми дереккөздердегі ақпаратты пайдалануды сұраймыз - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, жалған ақпарат тарату заңмен қудаланады.

Өзгелердің жаңалығы