Министрлік Винокуровқа қатысты ресми мәлімдеме жариялады

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі&nbsp;Astana-Premier Tech велокомандасы мен Олимпиада чемпионы, танымал велошабандоз Александр Винокуровқа қатысты ресми мәлімдеме жариялады.</h4>

 25 Маусым 2021 2021, 17:29
25 Маусым 2021 2021, 17:29
2150

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі Astana-Premier Tech велокомандасы мен Олимпиада чемпионы, танымал велошабандоз Александр Винокуровқа қатысты ресми мәлімдеме жариялады.

Мәдениет және спорт министрлігі Astana-Premier Tech велокомандасы мен Олимпиада чемпионы, танымал шабандоз Александр Винокуровтың арасындағы жайдан бейхабар. Еліміздегі спорт саласына жауапты мекеме болғанына қарамастан министрлікке бұл ауыс-түйіс жайлы хабарланбады. Мәдениет және спорт министрлігін бұл жайт қатты алаңдатады. Қазір «Астана» Президенттік спорт клубы мен оның қатарындағы барлық құрылымды Мәдениет және спорт министрлігіне беру процесі жүріп жатыр, - делінген хабарламада.

Жақын арада барлық процесс аяқталған соң Astana-Premier Tech велокомандасында болған жайтқа қатысты құқықтық баға беріледі.

Наверх