Министрлік ұсынысы: Оқушылардың 11 күн демалысын қалай өткізу керек

15 Наурыз 2024, 10:45
2256
Бөлісу:
Министрлік ұсынысы: Оқушылардың 11 күн демалысын қалай өткізу керек
Фото: BAQ.KZ - архив

Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың көктемгі каникулын өткізуге қатысты ұсыныстарын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті басқармасының бас сарапшысы Самат Жұмабеков каникул 11 күнге созылатынын айтты.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының көктемгі демалысын және бос уақытын тиімді, әрі тұлғалық дамыту мақсатында мектепішілік көктемгі каникул іс-шараларының жоспарын әзірлеуде «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» негізге алуды ұсынады. ІІІ тоқсанның көктемгі демалысы 21 наурызда басталып, 31 наурызға дейін, яғни 11 күнге созылады, - деді сарапшы.

Ол мектептерде қандай іс-шаралар өткізу ұсынылып отырғанын атады:

  • «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Табысты тұлға» тақырыбында сынып сағатын, «Үміт сәулесі» акциясын өткізу;
  • «Ата-аналар мектебі» жобасы аясында «Домбыра Party» фестивалін, «Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталды», «Атадан-өсиет, анадан-қасиет» тақырыптарында ата-аналар жиналыстарын өткізу;
  • «Жеткіншектің Жеті Жарғысы» жобасы аясында «Экологиялық калейдоскоп» сенбіліктер, «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» тақырыбында мата, жүн, былғары, киіз, ағаш, жіп, қағаз, сазбалшық және тағы басқа заттардан қолөнер туындыларын әзірлеуден байқау өткізу;
  • Құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылады.

Сонымен қатар балалардың демалыс уақытындағы қауіпсіздігін сақтау және олардың құқықтық қорғалу шараларын күшейту керектігін ескеру маңызды.

Аталған іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі.

Өзгелердің жаңалығы