Соңғы қоңырау кезінде ата-аналар балаларын үнемшілдік пен жауапкершілікке үйретуге тиіс. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, соңғы қоңырау 25 мамырда өтеді және оның форматы белгіленген тәртіп бойынша өзгеріссіз қалады.
Біз балаларымызға ақшаны орынсыз жұмсауға үйретпеуіміз керек. Мектеп – тек білім ордасы ғана емес, тәрбие ортасы. Егер ата-аналар соңғы қоңырауға арнап мейрамхана мен дәмхана іздеумен әлек болса, онда біз қандай ұрпақ тәрбиелеп жатырмыз? Сондықтан бұл шараны қарапайым әрі үнемді форматта өткізу маңызды. Қаражатты мейрамханаларға емес, балалардың болашағы мен әл-ауқатына бағыттау әлдеқайда пайдалы. Жиналған ақшаны орынсыз шашу олардың өміріне кері әсер етуі мүмкін, – дейді Ғани Бектайұлы Мәжіліс кулуарында.