Министрлік мектептерде және ЖОО-да экологиялық тәрбиені арттыруға атсалысады – Балаева

12 Қыркүйек 2020, 12:48
1930
Бөлісу:
Министрлік мектептерде және ЖОО-да экологиялық тәрбиені арттыруға атсалысады – Балаева
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Президенттік жастар кадрлық резервімен кездесу барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты.

Жолдау жарияланғаннан кейін оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін Үкімет жалпыхалықтық шаралардың жоспарын жасады. Ол жаңа экономикалық курс бойынша 7 басты принципке сүйенеді. Жобаға 10 негізгі бағыт бойынша 143 іс-шара кірді. Ал 11 бағыт ұлттың жаңа сапасы бойынша сіз бен біздің жұмысымыз. Яғни Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және сарапшылар қауымдастығы Жолдаудың жүзеге асырылуын түсіндіріп, талқылап, сананы жаңғырту бойынша жұмыс істеуіміз қажет. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірнеше стратегиялық маңызы бар бағыттарды қадағалап отырғанын ескерсек, біз 3 бағыт бойынша 8 шараға атсалысамыз. Олар мемлекетті басқару бойынша азаматтық қатысу, ақпарат тарату мәселелері және экологиялық білім бағытын кеңейту, - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
тарбие 10.jpg

Сондай-ақ, министрлік алдында мектептерде және ЖОО-да экологиялық тәрбиені арттыруға қатысу, БАҚ-та жаңа кәсіби кадрларды іріктеу жұмыстарын жариялауға атсалысу, медиация, онлайн петиция құру және ақпаратқа қол жетімділік туралы заңнаманы жетілдіру.

тарбие 11.jpg
Қоғамдық кеңес туралы Заң 2015 жылы қабылданған болатын. Ол «100 нақты қадам» ұлт жоспарын орындаудың 99 қадамында көрсетілген. Мұндай кеңесті енгізу мемлекетті қалыптастыру процесіне оң әсер етті. Қазіргі күні қоғамдық кеңестер республика және аудандық деңгейде жұмыс істейді. Сондай-ақ, статистикаға көз жүгіртетін болсақ, 234 қоғамдық кеңес бар. Онда 3 мыңнан аса түрлі саланың мамандары жұмыс істейді, - деді Балаева.
тарбие3.jpg




Өзгелердің жаңалығы