Қаржы вице-министрі «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның негізгі ережелерін» таныстырды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысы 5 қаңтарда жеке тұлғаларды банкрот деп тануды көздейтін заң жобасын әзірлеу жөнінде тапсырма берді. Осы заң жобасын әзірлеуге себеп болған – халықтың шамадан тыс кредиттік ауыртпалықтары мен жалпы азаматтардың едәуір бөлігі өздерінің қаржылық жағдайларының нашарлауымен бетпе-бет келгендігі. 1 қазандағы жағдай бойынша 1,4 млн адамның жалпы сомасы 1 449 млрд теңгені жететін 90 күннен астам мерзімі өткен несиесі бар (бір қарыз алушының максималды кешіктіруі ескерілді), - деді Қаржы вице-министрі Еркін Біржанов.
Оның мәлімдеуінше, бес жылдан астам қарыздарына қарыздарын өтей алмайтын тұлғалардың саны 504 млрд теңге сомасында 365 мың адамға жеткен.
Біз рәсімдердің 3 түрін енгізуді ұсынып отырмыз. Барлық үш рәсімді тек борышкер ғана бастайды, яғни несие берушінің борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ, - деді спикер орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.