Министрлік Bek Аir компаниясының ұшақтарына билет алмауға кеңес берді

8 Қаңтар 2020, 12:30
4138
Бөлісу:
Министрлік Bek Аir компаниясының ұшақтарына билет алмауға  кеңес берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан азаматтарына Bek Аir компаниясының ұшақтарына билет алмауға кеңес берді. Бұл туралы министрлік өзінің Telegram каналына жазған. 

Bek Аir әуе компаниясының эксплуатант сертификатының белгісіз мерзімге тоқтатылуына байланысты, азаматтарға аталған әуе компаниясының рейстеріне билеттер сатып алмауға кеңес беріледі, - делінген хабарламада.
 
Естеріңізге сала кетейік, Bek Аir авиакомпаниясының жұмысы уақытша тоқтатылғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. 
Өзгелердің жаңалығы