Министрлік балалардың құқықтарын қорғауға қатысты интерактивті карта әзірлейді

13 Қыркүйек 2023, 12:44
873
Бөлісу:
Министрлік балалардың құқықтарын қорғауға қатысты интерактивті карта әзірлейді
Фото: ОКҚ

Елімізде Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Оспан Еділ Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.

Министрлік балалардың құқықтарын қорғауға қатысты интерактивті карта әзірлейді

Айтуынша, құжатта негізгі үш міндетті орындауға қатысты жаңа тәсілдер қолданылған.

Сондай-ақ өңірлердегі жағдайды зерделеу мақсатында Ұлттық білім беру дерекқоры аясында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тәуекелдердің интерактивті картасы жасалады.

Интерактивті картаның негізгі дереккөздері құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау және ақпарат, оқу-ағарту министрліктері, сондай-ақ жергілікті әкімдіктердің ақпараттық ресурстары. Бұл тәсіл балалардың мәселелерін алдын алуға және оны шешу үшін жедел әрі жүйелі шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Осы интерактивті карта негізінде жергілікті әкімдіктер аталған мәселелерді шешу бойынша нақты бағдарламаларды әзірлеп, іске асырады, - деді ведомство өкілі.

Министрлік балалардың құқықтарын қорғауға қатысты интерактивті карта әзірлейді
Өзгелердің жаңалығы