Министрлік әлеуметтік желілерді реттеуді жетілдіру жұмыстарын жалғастырады

11 Қараша 2020, 20:24
1733
Бөлісу:
Министрлік әлеуметтік желілерді реттеуді жетілдіру жұмыстарын жалғастырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 11 қарашада онлайн-форматта өтіп жатқан «InternetCA-2020 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы» XI форумы аясында «Пандемия кезеңіндегі мемлекеттің Интернетке ықпалы» атты сессияда спикер ретінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев сөз сөйледі.

Форумды 2020 жылғы 11-13 қарашада MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырды.

Кемелбек Ойшыбаев өз сөзінде соңғы айларда жалған ақпаратпен күрес және коронавирустық инфекция пандемиясынан туындаған дағдарыс кезеңінде БАҚ-ты қолдаудың тиімді шараларын әзірлеу министрлік қызметіндегі аса өзекті бағыттарға айналғанын атап өтті. Сондай-ақ, министрлік ақпараттық қауіпсіздікті, цифрлық құқықтар мен сөз және БАҚ бостандығын сақтау шарттарын міндетті түрде сақтай отырып, интернет кеңістігі мен әлеуметтік желілерді реттеу тетіктерін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады.

Форум жұмысы барысында инфодемия кезіндегі медиа сауаттылық пен фактчекинг, цифрлық құқықтар мен киберқауіпсіздік, жаңа азаматтық белсенділік және желідегі адам құқықтарын сақтау, онлайн заң шығару және сот төрелігі, пандемия кезеңінде аудиторияны ақпараттандырудағы БАҚ рөлі және т.б. мәселелер бойынша пікір алмасып, тәжірибемен бөлісті.

Іс-шараға Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисінің басшысы, Елші Дьердь Сабо, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтис, Тәжікстан Республикасының «Интернет саясатының азаматтық бастамасы» қоғамдық қорының директоры Мухаммади Ибодуллоев және басқалар қатысты.

Өзгелердің жаңалығы