Кеше түнде Астанадағы Энергетика министрлігінен жұмыссыздық мәселесін шешуді талап етіп жиналған 150-ге жуық мұнайшылар бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олар мәселе толық шешілгенге дейін ғимараттың жанында қалып, түнемек.
Өткен жылы бөлінген қаражат жеткіліксіз деп, ереуілге шығып оны көбейтуді талап еткенбіз. Басшыларымыз жалақыны дұрыс төлемеген. Ол наразылықтардан кейін бір тобымыз Астанаға келдік, бірақ басшылық «бұл мәселе жергілікте жерде шешіледі» деп шақырып алды. Жалпы тендердегі келеңсіздіктердің орын алуы не себепті, ұтып алу үшін бағаны төмендете беруі - ақша жеу үшін ба?! Бір компаниядан алып, екінші компанияға жібереді. Біз олардың қолшоқпары сияқтымыз. Бізге тұрақты жалақы мен жұмыс қажет. Осының бәрін тексеріп, әділ шешім шығаруды талап етеміз, - деді жиналғандар.
Ал жақында ғана Энергетика министрі болып тағайындалған Алмасадам Сәтқалиев, жұмысшылармен келіссөз жүргізіп, мәселені шешетінін айтқан көрінеді.