Министрлік 42 500 теңгеге қатысты жалған ақпаратқа жауап берді

5 Шілде 2020, 14:03
1508
Бөлісу:
Министрлік 42 500 теңгеге қатысты жалған ақпаратқа жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілердегi Қазақстан Республикасында жаңа шектеу шараларының енгізілуіне байланысты әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қайта бастау туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 

Бұрын айтылғандай, 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем енгізу төтенше жағдай жарияланғанына байланысты болатын. Биылғы жағдайда қолданылып жатқан - ол шектеу шараларын күшейту, осыған байланысты төлемдерді жүзеге асыру үшін заңнамалық негіздер жеткіліксіз. Осыған байланысты азаматтардан жалған ақпараттарға сенбеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуiн сұраймыз, - делінген хабарламада. 

Министрлік жалған ақпарат таратқан үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Өзгелердің жаңалығы