Денсаулық сақтау министрлігінде оперативтік орталық ашылды

12 Сәуір 2019, 20:08
2639
Бөлісу:
Денсаулық сақтау министрлігінде оперативтік орталық ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саласының төтенше жағдайлар жөніндегі оперативтік орталығының тұсаукесері өтті.

Шараға АҚШ Елшілігі миссиясы басшысының орынбасары Тед Лингтің, Қазақстан Республикасындағы ДДҰ елдік кеңсесі, СДС және ДТРА, ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитеті, ҚР АШМ Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитеті, ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитеті, ҚР ИжИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті өкілдері қатысты.

«Бұл орталық аурулардың халықаралық таралуын тоқтату үшін қоғамдық денсаулық сақтау деңгейіндегі жауапты шаралар жөніндегі қатысушы мемлекеттердің міндеттемелері бойынша ҚР Үкіметінің Халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар (ХМСҚ) және Жаһандық денсаулықты қорғау бағдарламасының талаптарын іске асыруы мақсатында құрылған. ХМСҚ 2005 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 58-ші сессиясында әлемнің 196 мемлекетінде, оның ішінде Қазақстанда да қабылданған», - деді Қазақстан Республикасы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Уәлихан Ахметов.

2015 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі оперативтік орталығын құруда ДДҰ-ға мүше мемлекеттердің ХМСҚ бойынша міндеттемелерін орындау үшін осындай орталықтар құру жөніндегі нұсқаулығы болып табылатын Негіздемелік бағдарлама жариялаған болатын.

Оперативтік орталықтың негізгі миссиясы халықтың саулығын, адамдардың өмірін қорғау және төтенше жағдайлардың жағымсыз салдарларын барынша азайту мақсатында қоғамдық денсаулық саласындағы төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге дайындықты қамтамасыз ету болып табылады.

Жаһандық деңгейде үлкен адами және материалдық жойылымдарға және қоршаған ортаға айтарлықтай залал әкелуі мүмкін табиғи және технологиялық оқиғалар мен апаттар санының артуы байқалады.

Әлемнің түрлі аймақтарында қауіпті инфекциялық аурулардың таралу жағдайлары мен эпидемиясы жыл сайын тіркелетінін, сондай-ақ қазіргі уақытта көлік коммуникациялары және басқа құралдармен қатынайтын халық бір контингенттен екіншісіне, яғни жер шарының кез-келген мемлекетіне қысқа мерзім ішінде тасымалдай алатын жаңа қауіпті инфекциялар пайда болуда.

«Оперативтік орталық Орталық Азия өңірінде ашылған Орталық екендігін атап өткім келеді, ол биологиялық, химиялық және радиологиялық сипаттағы қоғамдық денсаулық саласындағы төтенше жағдайларға денсаулық сақтау органдары және ұйымдарының басқа мүдделі органдармен өзара іс-қимыл жасауда жедел әрекет етуі бойынша функцияларды атқаратын болады», - деді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Дамир Көпжасаров.

Ол Оперативтік орталықты ұйымдастыруда көрсеткен техникалық және әдістемелік көмек үшін СДС-ке және ДТРА-ға өз алғысын білдірді.

АҚШ Елшілігі миссиясы басшысының орынбасары Тед Линг, осы орталықтың құрылуы - бұл Халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар және аурулардың халықаралық таралуын болдырмауға бағытталған Денсаулық сақтаудың жаһандық бағдарламасына ұстанымын көрсететін үлкен жетістік, деп айтып өтті.

Оперативтік орталықтың тиімді жұмыс жасауы Оперативтік орталықтың және ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитеті, ҚР АШМ Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитеті, ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитеті, ҚР ИжИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті және ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті сияқты басқа мүдделі органдардың қауіп-қатерлер және төтенше жағдайлар туралы өзара ақпараттылығы кезінде жүзеге асатынын атап өту қажет.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басшылы оперативтік орталықтың тұсаукесері аяқталғаннан кейін қонақтарды орталықтың қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге дайындығын көрсету үшін, Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында ұшып келген жолаушыда Эбола ауруына күдіктің анықталу дерегі бойынша барлық жұмылдырылған қызметтердің қатысуымен өткізілген кабинеттік оқу-жаттығуларға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы